Қазақстанда ата-аналар оқушыларды басқа мектепке eGov арқылы ауыстыра алады

Ата-аналар мен заңды өкілдер eGov.kz арқылы баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыру үшін тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, электронды түрде өтініш беруі керек.
“Бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса, өтінішін қайтарып ала алады”, – деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі.
Қызметті алу үшін:
• eGov.kz порталында тіркелу;
• “Білім” → “Орта білім” бөлімінде “Балаларды мектептен мектепке ауыстыру” қызметін таңдау;
• Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;
• Нәтижемен жеке кабинетте танысу керек.
Фото: Нұрболат Нұржаубай