Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қыздардың таяқ жейтінін әкесі білген» Қыздарды азаптаған өгей шешенің абысыны бар шындықты жайып салды

«Қыздардың таяқ жейтінін әкесі білген» Қыздарды азаптаған өгей шешенің абысыны бар шындықты жайып салды

Қыздарды басынан ұра бергеннен кейін көгеріп кетіп, көзіне дейін түскен. Дұрыстап сөйлей алмай қалған кездері де болған.

Sputnik. Түркістан облысының Жетісай ауданында зәбір көрген қыздардың әкесінің жеңгесі, яғни өгей шешенің абысыны отбасыға қатысты тағы біраз шындықты жария етті.


Абысынының айтуынша, қорлық көрген қыздардың әкесі жағындағы туыстары олардың денесі көгеріп жүретінін бұдан алдын да талай мәрте байқаған, деп хабарлады otyrar.kz.

Қыздарды өз қамқорлықтарына алмақ болғанда әкесі айқай-шу шығарып, бермей қойған. Қыздарға қарайтын адам керек болғандықтан ғана үйленгенін айтып, талай рет үйінен де қуып шығыпты.
«Қыздардың тілі ісіп кеткен. Дұрыстап сөйлей алмай қалған кездері де болған. Басынан ұра бергеннен кейін көгеріп кетіп, көзіне дейін түскен. Үйіне барғанда қыздар «үйге келмеңіздер» деп жылайтын. Шаштары қалың болатын. Қазір жұп-жұқа. Шаштарын қиып тастаған. Жұлған. Қыздардың денесі көгеріп кеткенін әкесі бұдан бұрын да байқаған. «Неге бұлай?» деп сұрағанында үлкен қызы байқамасын деп тональды крем жағып, далаппен бояп қойыпты», — дейді абысыны.

Оның айтуынша, қыздар әкесін маңайына жолатпаған, олар әкеміз уайымдамасын деп алдаусыратқан көрінеді.
«Енем екеумізді мектепке шақырды. Инспектордың нөмірін алдық, қыздарды күштеп алып кетеміз дегенде қайным «қыздарымды жылатпаңдар, мені ажырастырайын деп жатырсыңдар. Менің отанымды бұзып жатсыңдар» деп айқайлаған соң, үйден шығып кеттік», — дейді ол.
23 сәуір 2019 ж. 900 0