Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік сатып алудың бірқатар мәселелері талқыланды

Мемлекеттік сатып алудың бірқатар мәселелері талқыланды

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегі күні аудандық мәдениет үйінде «Қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына енгізілген өзгерістер және мемлекеттік сатып алудың бірқатар өзекті мәселелері» туралы Заң нормаларын түсіндіру мақсатында көшпелі семинар-кеңес өтті.

Оған Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Ілкібаев, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы С.Ержанұлы, Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы М.Құрақбаев, ауданның экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Р.Бисембаев және аудан әкімдігіне қарасты барлық дербес бөлім, қала, кент, ауылдық округтердегі мемлекеттік сатып алу жөніндегі мамандары, мекемелер мен кәсіпорындардың есепшілері қатысты.
Негізінен семинар-кеңесте 2025 жылы қолданысқа енген «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның мазмұны түсіндірілді. Мемлекеттік сатып алуда жүзеге асырылатын қағиданың бірнеше нормасы егжей-тегжей талқыланды. Тиісті сала өкілдері мемлекеттік сатып алуларға бақылау жүргізу жұмыстары бойынша ағымдағы жылы қалыптасқан заң бұзушылықтар туралы баяндама жасап, заңнаманың талаптарын қатаң сақтау керектігін жиналған көпшілікке ескертті.

Семинар соңында қатысушылардың жұмыс барысында кездесетін мәселелері мен ұсыныстары тыңдалып, мемлекеттік сатып алуларды өткізу рәсімдеріне қатысты қойылған бір қатар сұрақтарға жауаптар беріліп, өзара пікір алмасулар жасалды.

17 қыркүйек 2025 ж. 214 0