Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИНСУЛЬТ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИНСУЛЬТ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Арал аудандық мәслихатының және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Базарбай Шөменұлы Төрахметов, партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Талғат Мырзағұлұлы Қанатов, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Мейрамбек Оразғалиұлы Құлмырзаев, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Жасұлан Серікұлы Мамбетов аудандық көпбейінді аурухана жанынан салынып жатқан кардиология және инсульт бөлімшелерінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Аталған бөлімше құрылысы мемлекеттік қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылуда. Жобаны мердігер мекеме «СМП-Кызылорда» ЖШС қолға алған. Жоспар бойынша жалпы 54 төсек-орынға арналған нысан ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Бұл жаңа медициналық бөлімше аудан тұрғындарына көрсетілетін кардиологиялық және инсульттық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

#AMANAT
17 қыркүйек 2025 ж. 157 0