Толқын » Жаңалықтар » Күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан мектеп құрылысы жұмысымен танысты
Күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан мектеп құрылысы жұмысымен танысты
«AMANAT» партиясының Қызылорда облысы бойынша Сайлауалды бағдарламасында білім ордаларын салу және оларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ерекше мән берілген. Осы бағытта Арал қаласындағы Н.К.Крупская атындағы № 14 мектеп-лицейі күрделі жөндеуден өтуде. Бүгін, “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы Төрахметов Базарбай Шөменұлы аудандық филиалдың Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы мен партиялық бақылау комиссиясының Төрағасы Ембергенова Нұрсауле Сайлауқызы мектеп-лицейіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Бүгінгі таңда мектеп құрылысы жұмыстары қарқынды әрі жүйелі жүргізілуде.
Мердігер мекеме өкілдері құрылыс жұмыстары өз мерзімінде толығымен аяқталатындығын жеткізді.