Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты

Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты

Арал аудандық мәслихатының және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Базарбай Шөменұлы Төрахметов, партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Талғат Мырзағұлұлы Қанатов, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Мейрамбек Оразғалиұлы Құлмырзаев, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Жасұлан Серікұлы Мамбетов одан әрі Арал аудандық полиция бөлімінде болып, жедел басқару орталығының жұмысымен танысты.
Қазіргі уақытта орталықта 72 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Жыл басынан бері осы камералардың көмегімен 2 506 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, тиісті хаттамалар толтырылған.

Жедел басқару орталығының қызметі аудан көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айрықша ықпал етуде.

#АМАНАТ
17 қыркүйек 2025 ж. 154 0