Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Автомобиль жолдарының құрылысына мониторинг жүргізілді

Автомобиль жолдарының құрылысына мониторинг жүргізілді

Арал аудандық мәслихатының және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Базарбай Шөменұлы Төрахметов, партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Талғат Мырзағұлұлы Қанатов, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Мейрамбек Оразғалиұлы Құлмырзаев аудандық маңызы бар «Самара–Шымкент–Шөміш–Аралқұм» автомобиль жолының құрылысына мониторинг жүргізді.
Құрылыс барысы бойынша бүгінгі күнге дейін жолдың 9,5 шақырымына қиыршықтас төселген. Ал 1,2 шақырым бөлігіне асфальт жабындысы салынуда.
#AMANAT
17 қыркүйек 2025 ж. 158 0