Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері нақтыланды

Айта кетейік, биылғы жылдың 8 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Бүгін Президент Жолдауынан туындайтын міндеттерді сапалы әрі мерзімінде жүзеге асыру мәселелеріне арналған жиынға зиялы қауым өкілдері мен аудан ардагерлері, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, дербес бөлімдер мен мекеме, кәсіпорындардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, барлық кент және ауылдық округ әкімдері онлайн байланыс арқылы қатысты.
Тәуелсіз Мемлекетіміздің алдағы бір жылда даму жоспарын айқындап, бірқатар ауқымды міндеттерді жүктеген саяси құжаттың қоғамдағы маңызы мен алдағы уақытта қолға алынуы тиіс жоспарлар жөнінде аудандық мәслихаттың төрағасы Б.Төреахметов, аудан әкімінің орынбасарлары Е.Әбішев пен Н.Бохаев хабарлама жасады.
Сондай-ақ азаматтардың өмірін қауіпсіз әрі тұрақты етуге бағытталған «Заң мен тәртіп» қағидатынан туындайтын шаралар жөнінде аудандық полиция бөлімінің бастығы Н.Әлтай баяндама жасады.
Жолдаудың аудандағы қоғамдық-саяси өмірге, азаматтық бастамалардың дамуына әсері туралы өз ой-пікірін ортаға салған Арал ауданының Құрметті азаматы Ә.Әуезов аталған саяси құжатта көтерілген ауданға қатысты бастамалардың ел өміріне ерекше әсер етерін алға тартып, осы істе бірлесе жұмыс атқаратын барша ел азаматтарына сәттілік тіледі.
Идеологиялық актив отырысын қортындылаған аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы ниеті түзу, мақсаты айқын елміздің тура жолдан таймай, алға басуы үшін бірлік пен татулықта жұмыс жасап, ортақ күш біріктірудің маңызды екенін атап өтті.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі