Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Идеологиялық актив отырысы өткізілді

Идеологиялық актив отырысы өткізілді

Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетовтың төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында айқындалған басымдықтарды түсіндіру мен насихаттауға және оны жүзеге асыруға бағытталған актив жиыны өтті.

Активке аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық мәслихат хатшысы мен депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, аудан ардагерлері, үкіметтік емес ұйым және БАҚ өкілдері және онлайн форматта кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Актив жиынында аудан басшысы Серік Сермағамбетов осынау маңызы зор Жолдау жүктеген міндеттерге қатысты сөз қозғап:
-Мемлекет басшысы биылғы жолдауында пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған бастамаларын жариялады. Бұл құнды құжат еліміздің алдағы даму стратегиясын айқындап берді, - дей келе, маңызды құжаттың негізгі міндеттеріне жеке-жеке тоқталып, жолдаудан туындайтын бірқатар шараларды жүзеге асырудың жолдарын ұсынып, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Актив отырысында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғалия Тоғысова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Әйімбетов, аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Жанар Әлішева және Отбасы банкінің аудандағы өкілі Үрлан Қуатбаева сөз алып, Жолдауда атап өтілген бастамалар бойынша баяндама жасап, өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, тапсырмалардың жүзеге асырылу бағыты бойынша түсініктеме беріп өтті.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі сөз соңында Жолдауда берілген бес басымдықтарды негізге ала отарып, көзделген тапсырмаларды орындауға жұмыла кірісіп, сапалы жұмыс атқаруға шақырды.


Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
10 қыркүйек 2021 ж. 416 0