Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ТАЛДАНДЫ

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ТАЛДАНДЫ

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аппарат жиыны өткізілді. Аудан әкімі М.Оразбаевтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде маңызды деген үш мәселе пысықталды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған аудан әкімінің орынбасары Ж.Жұбанов облыс орталығында өткізілетін ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне аудан тарапынан жолданатын өнімдер туралы кеңінен баяндап, ұйымдастыру жұмыстарына тоқталып өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық қаржы бөлімінің басшысы М.Көлдеев сөз алып, аудан әкімдігіне қатысты мекемелердің қаржыларының игерілу барысын толығымен баяндап, қаржысы игерілмеу қауіпі бар салалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
Жиында қаралған соңғы мәселе – салық түсімдерінің орындалуы туралы аудан басшысы қала, кент, ауылдық округтер бойынша жекелей тоқталып, салық түсімдерінің орындалу барысы мардымсыз көрсеткішке ие болған әкімдердің жұмысын сынға алды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі М.Оразбаев дербес бөлім басшылары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне алдағы атқарылатын жұмыстарын сапалы және толыққанды атқаруын талап ететінін айтып, аптаның алдағы жұмыс күндеріне сәттілік тіледі.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
23 қыркүйек 2020 ж. 585 0