Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТКІЗІЛДІ

АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТКІЗІЛДІ

Жақында аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өткізілді. Аудан басшысы мәжілісті бастамас бұрын орын алған кадрлық өзгерістерге тоқталып өтті. Мәжілістің күн тәртібінде маңызды деген төрт мәселе қаралды. 
Алдымен 2020 жылы аудан әкімінің тұрғындармен өтетін есепті кездесуіне дайындық жұмыстары туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрмұхамед Бохаев баяндап, өзінің бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Одан соң жаңа жыл мерекесін атап өту туралы аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов хабарлама жасап, мереке қарсаңында аудан көлемінде өткізілетін шаралардың ұйымдастырылу барысына тоқталды.
Сондай-ақ, мереке күндеріндегі қоғамдық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөнінде аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрбол Әбдіразақ баяндап өтсе, күн тәртібіндегі соңғы мәселе аудан бойынша өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстар мен мереке қарсаңында жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мұрат Жиенбаев хабарлады.
Аппарат мәжілісінде қаралған мәселелер кеңінен талқыланды. Баяндамшылардан соң аудан әкімі тиісті сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді.
Жиын соңында аудан басшысы 2019 жылдың басты жаңалықтарына тоқталып, аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды айта келе жаңа 2020 жылы да табысты еңбек етуге шақырды.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
20 желтоқсан 2019 ж. 971 0