Ұлы дала жорығы – 2025: бірінші кезеңнің жеңімпазы анықталды

Бұл туралы aikyn.kz жазды.
Бірінші кезеңнің яғни 50 шақырымның қорытындысы бойынша, Қырғызстанның екінші командасы жеңімпаз атанды. Ұлытау облысының командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, Қырғызстанның бірінші командасы үштікті түйіндеді.
Жол қашықтығы 500 шақырым және бағыт Қостанай облысының аумағын қамтиды. Марафон 25 қыркүйек күні Қостанай облысы Арқалық қаласының маңында мәреге жетеді.
Қолдау көрсетушілер: "AMANAT" партиясы және Қостанай облысының әкімдігі
Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы
Ақпараттық серіктестер: "Хабар", "Қазақстан", "Астана" телеарналары.
Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысып, шабандоздар мен атбегілерге бар мүмкіндікті жасап жатқан Қостанай облысының әкімдігіне және облыс тұрғындарына алғыс айтамыз.
Жоба Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтіп жатыр.
"Ұлы Дала Жорығы" – үздік жылқы тұқымы анықталатын далалық лаборатория.
Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb - JORYQ, Instagram - joryqofficial, Tik-Tok - JORYQ, youtube - JORYQ.