Қаладағы вокзал ғимаратының құрылысына мониторинг жүргізілді
Оған Арал аудандық мәслихаттың және “AMANAT” партиясы аудандық филиалының төрағасы Базарбай Шөменұлы Төрахметов пен партия филиалының Атқарушы хатшысы Талғат Мырзағұлұлы Қанатов қатысты.
Қазіргі таңда ескі ғимаратты бұзу жұмыстары толық аяқталды. Тапсырыс беруші – «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ тарапынан вокзал құрылысына қажетті қосымша жер учаскесін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Транстелеком» АҚ-ның жер асты желілері басқа аумаққа көшіріліп, бұл жұмыс 2025 жылғы 20 қыркүйекте аяқталды. Вокзал маңындағы көне әжетхана, қойма және қалған қабырғаларды бұзу, сондай-ақ қалдықтарды шығару жұмыстары жалғасуда.
Жаңа «Арал теңізі» вокзалы екі қабатты болып салынады. Оның жалпы аумағы – 1102,86 шаршы метр, биіктігі – 6,3 метрді құрайды.
