Жандос Өмірәлиев бас прокурордың бірінші орынбасары болып тағайындалды
Жандос Өмірәлиев бас прокурордың бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап."Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарпламада.
Бұл ретте Тимур Тәшімбаев Қазақстан Республикасы бас прокурорының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, бұған дейін Жандос Өмірәлиев бас прокурордың орынбасары болған.










