Жаңа оқу-ағарту министрі тағайындалды
Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап."Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бүгін таңертең Мемлекет басшысы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қызметінен босатты.










