Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі аппаратының басшысы қабылдау өткізді

Аудан әкімі аппаратының басшысы қабылдау өткізді

Бүгін партия филиалында аудан әкімі аппаратының басшысы Раимбетов Серік Ерсаймұлы азаматтардың жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген азаматтар, жұмыспен қамту және тұрғын үй мәселелері бойынша өз өтініштерін айтты.

Тұрғындар өтінішін тыңдаған Серік Ерсаймұлы аталған мәселелер шеңберінде заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бағыт-бағдар берді.
#АМАНАТ 
17 қазан 2025 ж. 218 0