Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құтқарушылар марапат төрінен көрінді

Құтқарушылар марапат төрінен көрінді

Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығы мен Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Бұл айтулы күн – адам өмірін сақтау мен қорғауды абыройлы міндетіне айналдырған ержүрек жандардың кәсіби мерекесі. Қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген құтқарушылардың еңбегі – елдің тұрақтылығы мен амандығының тірегі.
Бұл күні Қазақстанда алғаш рет азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бүгінде бұл құрылым халықтың өмірі мен қауіпсіздігін қорғаудағы маңызды құрылымға айналды.
Мерекелік кеште аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев сөз сөйлеп, сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
– Сіздердің күнделікті қызметтеріңіз – нағыз ерлікке пара-пар. Қиын сәтте өмірін қатерге тігіп, адам тағдырын құтқаруға ұмтылу – тек қайсар да кәсіби мамандардың қолынан ғана келеді. Құтқарушы – бейбіт күннің батыры. Еліміздің амандығы жолында атқарған ерен еңбектеріңіз үшін баршаңызға зор алғысымды білдіремін, – деді Н.Бохаев.
Шара барысында сала ардагерлері мен қызметкерлерге «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығы» және «Мінсіз қызметі үшін ІІІ дәрежелі» медалі, Ардагерлер ұйымының 20 жылдығы төсбелгісі мне облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Салтанатты жиын аудан өнрепаздарының мерекелік концертіне ұласты.
Бұл мерекелік шара – ел қауіпсіздігі жолында елеулі еңбек етіп жүрген азаматтарға көрсетілген құрметтің белгісі ғана емес, сондай-ақ кейінгі ұрпаққа өнеге, өшпес ерлік мектебі.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі 
21 қазан 2025 ж. 263 0