Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды

Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс комитеттері жұмысқа қабылдаған заңдар:

– Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер;

– 1993 жылғы 22 қаңтардағы және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттамалар;

– 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Қазақстанға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің қолданылуын қайта бастау және оған өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау жобасы.

Фото: baq.kz
29 қазан 2025 ж. 100 0