Сұйытылған газ мәселесі бойынша жедел мәжіліс өтті
Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен сұйытылған газ мәселесі талқыланған жедел мәжіліс өтті. Жиынға қала және аудан әкімдері, жетекші салалардың өкілдері қатысып, сұйытылған мұнай газымен тұрақты қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар жүктелді.
Полиция департаменті, облысқа бөлінген газдың басқа өңірлерге тасымалдануын болдырмау үшін шекараларға тәулік бойы кезекшілік орнатып, бақылауды күшейтіңіздер.Біздің өңірге бекітілген сұйытылған газ басқа облыстарға кетпеуі тиіс. Бір күннің ішінде халықты газбен толық қамту мәселесін шешуді тапсырамын”, — деді Данияр Еренғалиұлы.



Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі










