Сұйытылған газға байланысты жедел штаб отырысы өтті

Сұйытылған мұнай газының тапшылығын болдырмау үшін ауданда жұмысшы тобы құрылды. Оның құрамында тиісті салалалрдан құралған басшылар мен құқық қорғау органдары да бар. Топ мүшелері тәулік сайын зерделеу жұмыстарын жүргізіп отырады.
Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі барлық операторларға сұйытылған газды бірінші кезекте халыққа және коммуналдық қызметке босатуды тапсырды. Қосымша сала басшыларына газды босататын облыстағы тиісті құзырлы мекемелермен жан-жақты келіссөз жүргізіп, үнемі назарда ұстауды жүктеді.
