Арал теңізінің құрғаған ұлтанында фитоорманмелиорациялық жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысының 2021-2025 жылдар ішінде Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 1,1 млн.га сексеуіл екпелерін ұлғайту жөнінде тапсырмасын орындау мақсатында 2021-2024 жылдары барлығы 659,1 мың гектар алқапқа екпелер жасалды. Оның ішінде 332,5 мың гектары (201 млн. дана) облыстық деңгейде, қалған көлем 326,6 мың гектары Орман шаруашылығы комитетімен атқарылды.Жоғарыда аталған кешенді жоспарды жүргізу үшін, барлығы 1071 мың гектар алқапқа топырақ зерттеу және жобалау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, өткен жылғы егілген екпелердің шығымдылығы төмен алқаптардың 26500 гектарына (облыстық деңгейде) толықтыру жұмыстары жүргізілді.
2025 жылы Орман шаруашылығы комитеті арқылы Арал теңізінің құрғаған табанына 340,9 мың гектаржерге ормандандыру жұмыстары жоспарлануда, ағымдағы жылы көктемде 120 мың гектаржерге себу, 11,8 мың гектар жерге көшет отырғызу жұмыстары атқарылып, күз айында 60 мың гектар жерге табиғи өсіп-өнуіне ықпал ету, 30 мың гектар жерге тұқым себу жұмыстары жүргізілуде.
Ал, облыстық деңгейде 100 мың гектар (15 мың гектар алқапқа сексеуіл көшетін отырғызу, 85 мың гектар (71,4 мың кг сексеуіл, 285,6 мың кг қарабарақ) алқапқа галофитті тұқымдар себу жұмыстары) алқапқа күзде ормандандыру жұмыстары жоспарланып, бүгінгі күнге 15 мың гектар жерге көшет отырғызу жұмыстары атқарылып, 357 мың кг сексеуіл, қарабарақ тұқымдары жиналып, 64,6 мың гектар жерге тұқым себу жұмыстары жүргізілуде. Жинақталған тұқымдар «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК Оңтүстік – батыс аймақ филиалынан орман тұқымының өну сапасына тексерістен өтті.
Жоғарыда аталған фитоорманмелиорациялық жұмыстары ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бақылауымен жүргізілуде.
Жоспарланған фитомелорация жұмыстары жыл соңына дейін толық орындалатын болады.









