Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Саяси кеңесі бюросының отырысы өтті

Саяси кеңесі бюросының отырысы өтті

Бүгін “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросының кезекті отырысы өтті. Жиынды партия филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы жүргізді.

Жиынның күн тәртібінде төмендегі мәселелр қаралды:
1. Арал аудандық мәслихатындағы “AMANAT” партиясы депутаттық фракциясы мүшелерінің 2026 жылға арналған аудан тұрғындарын қабылдау кестесін бекіту туралы.
2. “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Талқылау нәтижесінде күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Жиынды қорытындылаған Атқарушы хатшы қабылданған шешімдердің уақтылы әрі сапалы орындалуы партия жұмысының тиімділігін арттыратынын айтып, партия мүшелерін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
#“AMANAT”
14 қаңтар 2026 ж. 253 0