АУДАНДЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ САЯСИ КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Арал ауданында “AMANAT” партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесі бюросының кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға бюро мүшелері, аудандық мәслихаттағы партия фракциясының өкілдері, сондай-ақ филиал аппаратының қызметкерлері қатысты. Отырысты филиал төрағасы Төрахметов Базарбай Шөменұлы ашып, күн тәртібіне енгізілген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, партиялық жұмыс пен фракция қызметін жетілдіру бағытындағы міндеттерді атап өтті.Отырыс барысында төмендегі нақты күн тәртібі жан-жақты қаралды:
1. Арал аудандық мәслихатындағы “AMANAT” партиясы депутаттық фракциясының кейбір депутаттарын фракция жетекшілігінен және фракция мүшелігінен шығару мәселесі
2. Арал аудандық мәслихатындағы “AMANAT” партиясы депутаттық фракциясы жетекшісіне кандидатура ұсыну
Бұл бағытта фракция жетекшісінің атқаратын негізгі функциялары – депутаттық қызметті үйлестіру, фракция тәртібін сақтау, шешімдердің орындалуын бақылау және халықпен байланысты күшейту екені атап өтілді.
Ұсынылған кандидатураның кәсіби біліктілігі, ұйымдастырушылық қабілеті және партия жұмысындағы тәжірибесі талданды.
Жиын соңында бюро жаңа фракция жетекшісіне қатысты ұсынысты қарастырып, дауыс беру арқылы өз шешімін бекітті.
3. “AMANAT” партиясының атынан сайланған Арал аудандық мәслихат депутаттарының 2025 жыл бойынша атқарған жұмыстарының есебін тыңдау
Депутаттар жыл ішінде атқарған жұмыстарын жан-жақты баяндап, сайлаушылар көтерген мәселелер бойынша жасалған нақты шараларды ұсынып өтті.Есеп барысында:
• әлеуметтік сала мен инфрақұрылым бағыттарында қол жеткізілген нәтижелер,
• жол жөндеу, газдандыру, электр, ауызсу жүйелерін жақсарту бойынша атқарылған жұмыстар,
• білім беру және денсаулық сақтау мәселелерінде қолға алынған бастамалар,
• тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізудің нәтижелері мен түскен ұсыныстардың орындалуы сынды бағыттар кеңінен қамтылды.
Сонымен қатар, депутаттардың 2026 жылға арналған жоспарлары, соның ішінде жаңа жобаларды ілгерілету, халықпен кері байланысты күшейту және әлеуметтік нысандарды дамыту бойынша ұсыныстар таныстырылды.
Саяси кеңес бюросы күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылай отырып, партия филиалының алдағы кезеңдегі жұмыс бағытын айқындады. Партиялық тәртіпті күшейту, халық сенімін ақтау, депутаттардың жауапкершілігін арттыру және фракция қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету басты міндеттер ретінде белгіленді.









