Саяси бюро кеңесінің отырысы өтті
Аталған отырысқа арнайы “AMANAT” партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы онлайн қатысты.
Бюро отырысын аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы ашып, жүргізіп отырды.
Саяси кеңесі Бюросының отырысында 2025 жылдың I-тоқсан қорытындысымен мәслихаттағы “AMANAT” партиясы депутаттық фракциясы мүшелерінің жұмысына жүргізілген мониторинг қорытындысы қаралды.
Аталған күн тәртібі бойынша Фракция жетекшісі Шарбану Байділдақызы фракция жұмысының I-тоқсандық есебі бойынша баяндама жасады.
Бюро отырысының соңында Облыстық партия филиалының төрағасы Алмасбек Әбілқасымұлы фракция мүшелерінің жұмыстарына сәттілік тілеп,бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толық қаралып, қаулы бойынша тиісті шаралар қабылданды.