Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев: Жастар креативті индустрияға белсенділік танытып келеді

Тоқаев: Жастар креативті индустрияға белсенділік танытып келеді

Kyzylorda-news.kz Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде жастардың мәдени салаға және креативті индустрияға белсенділік танытып жатқанын алға тартты.
Мемлекет басшысы ұлттық бірегейлікті нығайту және әлемдік аренада ел мәдениетін ілгерілету үшін кино мен өнерді дамытудың маңыздылығына баса назар аударды.
- Бүгінде жастар шығармашылық индустрияға алғашқы қадамдарын жасап, этика мен шығармашылықтың жаңа түрлерін игеруде. Кино мен өнер біздің мәдениетіміздің әлемдік аренада көрінуіне мүмкіндік беретін және ел үшін мақтаныш сезімін тудыратын құралға айналуда, — деді Президент.
Мемлекет басшысы жас таланттарды қолдау және креативті секторды дамыту қазіргі заманғы мәдени ортаны қалыптастыру және ұлттық сананы нығайту жөніндегі мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің маңызды бөлігі болып табылатынын атап өтті.
Фото: Pexels
20 қаңтар 2026 ж. 71 0