Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік нысандардың халық игілігіне қызметі партия бақылауында

Әлеуметтік нысандардың халық игілігіне қызметі партия бақылауында

Арал ауданындағы жұмыс сапары барысында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Базартай Жандос Нұртайұлы, аудандық мәслихаттың және партия филиалының төрағасы Төрахметов Базарбай Шөменұлы, партия филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы өңір тұрғындарына қызмет көрсетіп отырған бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмыс барысымен танысты.
Алдымен Арал қаласында орналасқан «Келешек» мектебіне барып, білім беру үдерісінің ұйымдастырылуы, оқу кабинеттері мен қосымша білім беру бөлмелеріндегі мүмкіндіктер, оқушыларға жасалған жағдайлар зерделенді. Білім сапасын арттыруға және балалардың жан-жақты дамуына бағытталған жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.

Сондай-ақ сапар аясында «Руханият» орталығының қызметі қаралды. Мұнда мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру, рухани құндылықтарды дәріптеу және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға назар аударылды. Орталықтың әлеуетін халық игілігі үшін тиімді пайдалану мәселесі сөз болды.

«Әлеуметтік нысандардың басты мақсаты – тұрғындарға сапалы қызмет көрсету. Осы бағыттағы жұмыстар партиялық бақылауда болып, олардың халық сұранысына сай әрі тиімді қызмет етуіне қолдау көрсетіле береді»,- деді әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысқан партияның облыстық филиалының төрағасы.

#AMANAT
06 ақпан 2026 ж. 65 0