Жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Жиын барысында жаңа Конституция жобасында көзделген негізгі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайту тетіктері, қоғам мен мемлекет арасындағы жауапкершілік қағидаттары түсіндірілді. Қазалы аграрлы - техникалық колледжінің оқу-ісі жөніндегі орынбасары Баекеева Шәрбану Толыбайқызы білім беру саласына қатысты конституциялық кепілдіктер, сондай-ақ референдумның ел болашағы үшін маңызын айтты.
Спикерлер педагогтер мен студент жастарды 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершілік танытуға шақырды. Кездесу ашық форматта өтіп, белсенді студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.
Айта кету керек, осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да ауданның әртүрлі сала қызметкерлері мен тұрғындары арасында жүйелі түрде жалғасын тауып, конституциялық реформаларды кеңінен насихаттауға бағыттала бермек.









