Алғаш келген дауыс берушіге сыйлық берілді
Арал ауданының тұрғындары маңызды саяси науқан республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. №46 сайлау учаскесінде де ұйымдастыру жұмысы жоғары деңгейде. Таңсәріден учаскеге ерте келген азаматтар үшін комиссия мүшелері арнайы сыйлықтарды үйлестірді. Алғашқы дауыс берушілер өз таңдауын жасауда. Соның бірі №46 дауыс беру учаскесінде де ертемен келіп, өз дауысын беріп белсенділік танытқан Атенова Лизаға алғашқы сыйлық тапсырылды.








