Қазақстан президентінің күзет қызметіне жаңа бастық тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - президенттің күзет қызметінің бастығын тағайындады, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы президентінің күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Оған дейін бұл қызметке 2018 жылдың қарашасында Ардақ Әшімбекұлы келген еді.
https://sputniknews.kz/