Жаңару күні жаңашыл күнмен бастау алды
Бүгін, 19 наурыз – Жаңару күніне орай орталық алаңда халқымыздың дүниетанымы, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін дәріптейтін бірқатар мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жаңару күні – Наурыз мейрамы аясындағы ерекше күндердің бірі. Бұл күн табиғаттың жаңарып, тіршіліктің түлейтін кезеңін білдіреді. Сонымен қатар, адамдардың өткенді саралап, жаңа бастамаларға қадам басатын, рухани тазару мен жаңғыруды дәріптейтін мәні терең мереке ретінде атап өтіледі.Аталған шараларды ауданға қарасты ауылдар бірлесе ұйымдастырып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға ерекше үлес қосты.
«Ынтымақ – бірлік бұлағы» атты қойылым-концерт барысында ата-баба дәстүрі кеңінен дәріптеліп, тал отырғызу көрінісі көрерменге рухани тағылым сыйлады. Сонымен қатар, жастар ұлттық ойындарды жаңғыртып, олардың көркін қыздырып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.









