Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда "Ұлттық Спорт күні" кең көлемде аталып өтті

Ауданда "Ұлттық Спорт күні" кең көлемде аталып өтті

Бүгін орталық алаңда Наурызнама онкүндігіне сәйкес 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай тағылымды шаралар өткізілді.

Орталық алаңға бұл жолы халық көп жиыналды. Барлығы да айтулы күннің мән-маңызын айрықша ұғынатындай. Барлығы да қазақылықтың терең болмысын ұлттық киіммен айшықтап, салт-дәстүрді кеңінен дәріптеуде.

Сол шаралардың қатарында ұлттық спорт түрлеріне ерекше басымды берілді. Себебі бүгін "Ұлттық спорт күні." Айтулы күнге орай "Ұлттық ойын – ұлттық қазына” атты мерекелік шара,
қойылым-концерт ұйымдастырылды.

Бақ сынап көрем деуші азаматтар ұлттық спорттың әр түріне қызығушылық танытып, өзара бақ сайысқа түсті. Бұл ойындардың ішінде халқымыздың тұмыс-салтымен біте қайнасқан асық ату, бес асық, тоғыз құмалақ, дойбы, қол күрес, батпан көтеру және ләңгі тебу сынды ойын түрлері бар.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев қатысып, ереше әсерде өтіп жатқан әрбір тағылымды шаралардың куәсі болды.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

20 наурыз 2026 ж. 121 0