Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдариядағы жаңа өндіріс

Сырдариядағы жаңа өндіріс

Сырдария ауданында жүгеріні терең өңдеуге бағытталған ірі өндірістік нысанның құрылысы басталды. Іргетасын қалау рәсіміне Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, жобаның аймақ экономикасы үшін маңызын атап өтті.
Бұл жоба – ауыл шаруашылығын тек шикізат көзі ретінде емес, толыққанды өндірістік секторға айналдыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі.

Өңірде жүгері алқаптарын кеңейтуге басымдық берілуде. Биыл бұл дақылдың көлемін 15 мың гектарға жеткізу жоспарланған.
Бұл көрсеткіш тек ауыл шаруашылығының дамуын ғана емес, жаңа зауыттың тұрақты шикізатпен қамтамасыз етілетінін де аңғартады. Яғни, диқандар үшін өткізу нарығы айқын әрі тұрақты болмақ.Жоспар бойынша, жаңа зауыт жылына 150 мың тонна жүгеріні өңдейді. Жобаның жалпы құны 40 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорын іске қосылғанда 550 адам тұрақты жұмысқа орналасады. Өндірісте заманауи технологиялар қолданылып, жоғары сапалы өнім шығару көзделіп отыр.

Бірінші кезеңді іске қосу 2026 жылға жоспарланған — оның шеңберінде 8,5 мың гектар суармалы жер айналымға енгізіліп, тұқым өңдеу зауыты салынады.
Жалпы алғанда компанияға 41 мың гектар жер берілмекші. ал 20 мың гектар жерге зауытта қайта өңдеу үшін жүгері егіледі.

2026 жылы облыстағы күріш егістіктері 70 мың гектарға дейін қысқарды — өткен жылдың деңгейінен 10,9 мың гектарға аз. Соңғы төрт жылда күріш алқаптарының жалпы ауданы 19 мың гектарға кеміді.
Егер өткен жылы Қызылорда облысында жүгері небәрі 1,7 мың гектарды алып жатса, биылғы жылы бұл көрсеткішті 10 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Өсім — бір маусымда алты есеге жуық.
Ал, екінші кезеңде кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу қуаттылығын жылына 60 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлауда.
Айжамал Маратова,
Қорқыт ата атындағы университетінің студенті 
03 сәуір 2026 ж. 53 0