Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Келешекке тамыр жайған 100 шыбық

Келешекке тамыр жайған 100 шыбық

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы – табиғатты аялауға, туған жердің көркін келтіруге бағытталған ортақ үн, ортақ жауапкершілік. Бұл бастама ел ішінде тек тазалықты емес, жасыл әлемге деген жанашырлықты да күшейтіп, әрбір игі істі болашақпен байланыстыратын үлкен қозғалысқа айналып келеді. Сол игі үрдістің жалғасы ретінде аудан орталығында да тағылымы терең шара өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей тапсырмасымен бой көтерген №292 орта (келешек) мектебінде аудан мектептерінің 40,50 және 60 жылдық түлектері бас қосып, ерекше мәні бар экологиялық акция ұйымдастырды. Олар бұл күні әрқайсысы өздері білім алған алтын ұяларына емес, дәл осы жаңа салынған келешек мектебінің ауласына жиналып, ортақ мақсатқа бірікті. Бірлік пен өнегені ту еткен түлектер 100 түп шыбық отырғызып, мектеп ауласын жасыл желекке бөлеудің алғашқы қадамын жасады.
Бұл тек ағаш егу ғана емес, уақытпен үндескен тағылымды іс болды. Өйткені олар өз қолдарымен еккен әрбір талды болашақта осы мектепте білім алатын ұрпақтың тынысымен, арманынымен байланыстырды. Өздері оқыған мектептердің орнына келешек мектебін таңдап, оның тамырын тереңге жіберуге атсалысуы – бүгінгі ұрпақтың ертеңге деген жауапкершілігін айқын көрсетті.
Осылайша, бір күннің ішінде қарапайым тал егу шарасы үлкен мағынаға ие рухани байланысқа ұласты. Келешек мектебінің ауласына егілген 100 шыбық – тек жасыл желектің бастауы емес, ұрпақтар сабақтастығының, ортақ үміт пен ортақ сенімнің мәңгілік белгісіне айналды.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
19 сәуір 2026 ж. 74 0