Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2030 жылға қарай электр қуатының 15 пайызын жаңартылатын энергия көздерінен аламыз – Тоқаев

2030 жылға қарай электр қуатының 15 пайызын жаңартылатын энергия көздерінен аламыз – Тоқаев

Қазақстан 2030 жылға қарай ірі энергетикалық нысандардан ауаға тарайтын зиянды шығарындыларды 35 пайызға азайтады. Бұл туралы Өңірлік экологиялық саммитте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт айтты.

- Қазіргі уақытта Қазақстанда электр қуатының 7 пайыздан астамы жаңартылатын энергия көздерінен алынады. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 15 пайыздан асыруды жоспарлап отырмыз. Біз мұнай-газ қоры мол мемлекеттердің қатарына кіреміз. Соған қарамастан, еліміз орнықты энергетика мақсаттарынан айнымайды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы әлемдік уран экспортының шамамен 40 пайызын қамтамасыз ететін Қазақстан көміртексіз электр энергетикасын дамытуды құптайтындығын баса айтты.

- Бүгінде алғашқы атом электр станциясының жобасын пысықтап жатырмыз. Сонымен қатар «таза көмір» технологиясы негізінде жылу электр станцияларын жаңғыртуды қолға алдық. Осылайша, ірі энергетикалық нысандардан ауаға тарайтын зиянды шығарындыларды 35 пайызға азайтамыз, - деді Президент.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
22 сәуір 2026 ж. 75 0