Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЭС: Штаб мүшелері Тоқабай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

АЭС: Штаб мүшелері Тоқабай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Кездесу барысында штаб мүшелері үгіт-насихат тобы дамыған елдердің тәжірибесіне сүйеніп, электр энергиясын өндіруде АЭС-ның рөлін айтты. Қазіргі таңда озық технологияларды қолдану арқылы энергетикалық саланы дамыту әлемдік тәжірибеде өз жетістігін беріп келе жатқанына кеңінен тоқталды.

“Біздің еліміз де дамыған елдер қатарына қосылғысы келсе, атом электр станциясы сияқты жобаларды қолға алуымыз орынды. Атом электр станциясын салу экономикалық тұрғыдан да тиімді, әрі нәтижесі ұзақ мерзімді болады. Сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді”, - деді.
Ғалымдар ірі жылу электр станциясы аймағындағы жеке сәулелену дозалары атом электр станциясының жанындағы ұқсас дозадан 5-10 есе артық екенін эксперименталды түрде анықтады. Сондықтан ядролық энергия «жасыл» деп танылды. Бұл энергия көзі жаңартылатын энергия көздерімен салыстырғанда ең экологиялық таза болып табылады.

Кездесуде ауыл тұрғындары АЭС салу бойынша сұрақтарын қойып, штаб мүшелерінен тиісті жауаптарын алды.
#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#ЗаАЭС
#ВыборЗаАЭС
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
#НародныйШтаб
#АЭСбізге
#БізгеАЭСкерек
#ҚазақстанғаҚуатБер
#ЗарядимКазахстан
18 қыркүйек 2024 ж. 89 0