Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Вьетнам соғысына қатысқан жалғыз қазақстандық 1960 жылдардағы естеліктерімен бөлісті

Вьетнам соғысына қатысқан жалғыз қазақстандық 1960 жылдардағы естеліктерімен бөлісті

Қармақшы ауданының тұрғыны Иса Бейсенов — Вьетнам соғысына қатысқан жалғыз қазақстандық.

1960 жылдары ол арнайы жасақтың құрамында қызмет еткен. Үйіне оралған соң, ұзақ уақыт бойы өз ауылында фельдшер болып жұмыс істеген. Зейнетке шыққанға дейін ауылдағы аурухананы басқарған. 
Алты жыл бұрын Вьетнам билігі әскерге достық медалін тақса, Қазақстан "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады. 
"1966 жылы азаматтыө формамен және дипломаттық құжатпен Қытай елінің шекарасы арқылы елге келдік. Ары қарай алты ай бойы орманда өмір сүрдік. Зерттеулер жүргіздік. Партизандарға ракеталық жабдықтардың теориялық және практикалық дағдыларын бердік.
Жарты жылдан соң жаудың әуе соққысына ұшырадық. Барлық жерде бомба жарылды. Өте қорқынышты болды", — дейді соғыс жайлы естеліктерімен бөліскен Иса Бейсенов.
http://stan.kz
 
 
11 мамыр 2019 ж. 545 0