Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Вьетнам соғысына қатысқан жалғыз қазақ Қызылорда облысында тұрады

Вьетнам соғысына қатысқан жалғыз қазақ Қызылорда облысында тұрады

Иса Бисенов 1964 жылы әскер қатарына алынып, Ленинград әскери округінің ракеталық дивизионында әскери дәрігер қызметін атқарған. Бірақ сол кездегі Кеңес үкіметінің құпия тапсырмасымен Вьетнамда ракеталық атқыштар полкы құрамында жергілікті әскерилерді оқытып, кейін ұрыс қимылдарына да қатысқан. Бір жарым жылдай сұрапыл соғыста болған сырбойылық сарбаз елге оралғаннан кейін өз мамандығы бойынша дәрігерлік қызмет атқарды. Ұзақ жылдар бойы Қуаңдария ауылындағы аурухананы басқарды. Құпия тапсырманы орындағандықтан, Иса Бисеновтың әскери билетіне Вьетнамдағы соғысқа қатысқаны туралы мөр басылмаған. Тіпті «Ерлігі үшін» медалі берілгенмен, оның да нөмірі жоқ екен. Ал осыдан 6 жыл бұрын Вьетнам президенті Иса Бисеновты қабылдап, сый-құрмет көрсеткен болатын. Иса Бисенов, Вьетнам соғысының ардагері: – 1966 жылы азаматтық киіммен, дипломатиялық құжатпен Қытай арқылы өтіп бардық. Содан 6 ай жауынгерлерді теориялық жағынан ракетаға оқыттық.
/24.kz/kz
10 мамыр 2019 ж. 1 063 0