Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Таңғы асын дұрыстап ішпеген ұшқыш әуе кемесін басқарып жатып 40 минутқа есінен танып қалған

Таңғы асын дұрыстап ішпеген ұшқыш әуе кемесін басқарып жатып 40 минутқа есінен танып қалған

Австралияда ұшқыш 40 минут көлемінде есін жимастан ұшақты басқарған. 

Ұшқыш тағылымдамадан өткен. Австралияның транспорттағы қауіпсіздік бюросы (ATSB) зерттеу жүргізіп, ұшқыштың жұмысқа кіріспей тұрып бір тәулік бойы ұйықтамағанын анықтады.
Ол таңғы асқа шоколад қана жеп, артынан энергетикалық сусын ішкен. 5,5 (1,6 км) футтық жерде басы қатты ауыра бастаған ұшқыш автопилотты қосып, бір сағатқа жуық уақыт көлемінде есінен танып қалған. Әуедиспетчерлік  қызмет бірнеше рет онымен байланысқа шығуға тырысты. Бірақ әрбір талпыныс сәтсіздікпен аяқталды. Ұшқыш есін жиғаннан кейін әуе кемесін өз күшімен жерге қондырды. 
Тағылымдамадан өтуші Порт-Огаста әуежайынан Оңтүстік Австралияға, Парафилдқа жеке рейспен шыққан. 
Осы жағдайдан кейін ұшқыш тағылымдамадан өткен жазғы мектеп басқа ұшқыштарға таңғы асқа не жегендерін айтып тұруды міндеттеді.
11 мамыр 2019 ж. 875 0