Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызықты деректер

Қызықты деректер

1. Алясканың туын 13 жасар бала ойлап тапқан. 2. Бірде-бір елде әскери сәлем сол қолмен берілмейді. 3. Антарктиданың халықаралық телефон коды - 672. 4. Капитан Кyк Жердің барлық бөлігіне аяқ басып, Антарктиданы ғана көрмеген бірінші адам. 5. Батысафрикалық матами тайпасы футболды адамның бас сүйегімен ойнағанды жақсы көреді. 6. Ағылшын кітапханаларында көбіне Гиннестің рекордтар кітабы ұрланып тұрады. 7. Шимпанзелер төбелестен кейін әр уақытта ымыра ретінде бір-бірлерінің еріндерінен сүйіп тұрады. 8. Монаконың ұлттық оркестрі мемлекеттің әскерінен көп. 9. Сахара шөлінде 1979 жылдың 18 ақпанында қар жауған. 10. Канада ауданы жағынан Қытайдан, ал Қытай АҚШ-тан үлкен. 11. 1983 жылы бала туылмаған жалғыз ел - Ватикан. 12. Ніл екі рет мұз құрсанған - IX бен XI ғасырда. 13. Көне Шығыста қытыққа қатал тыйым салған уақыттар болған. Күнә жасауға итермелеуі мүмкін екендіктен. 14. Лас-Вегастың ойынханаларында сағат жоқ. 15. Эскимостар тілінде "қар" атауына байланысты 20 сөз бар. 16. Италиядағы Барби қуыршақтары Канададағы канадалықтардан көп. 17. Франциядағы заң адамның бет-әлпетімен туыс емес қуыршақтарды сатуға тыйым салады. Мәселен, бөгде ғаламшарлық. 18. Канада БҰҰ шешімімен соңғы 5 жылда 4 рет өмір сүруге ең қолайлы аумақ атанып отыр. 19. Ежелгі Римде науқас операция үстінде өліп кетсе, дәрігерлер жаза орнына қолын кесіп тастаған. 20. Біз білетін Мона Лизаның біз білмейтін алғашқы үш нұсқасы бар. Рентген дәлелдеуде. 21. Адам басының орташа салмағы 3,6 келіні құрайды. 22. Әлемде ең көп орындалатын ән  - Haррy birthday to you - авторлық құқығы сақталған. 23. Үрейлі фильмдердегі қорқыныш тудыратын музыкалар “вотерфон” деп аталатын аспаптың көмегімен шығарылады. 24. Сағат жарнамаларына ортақ бір қағида бар - сағат тілін 10:10 деп түзету. Бұлай жасаудың бар сыры, сағат тілі логотиптерді жауап қалмауы үшін. 25. Әйелдің қолымен түсірілген вестерн жанрында жалғыз ғана кино бар. 26. Кэмерyнның "Титаник" фильмінде ең көп айтылатын сөз - Роза. 27. Бір қыл шаш 3 келі салмақты көтеріп тұра алады. 28. Еуропалықтар керікті алғаш көргенде «түйелеопард» деп атапты. Түйе мен леопардтың будандасуы деп ойлап қалса керек. 29. Денеге шаққанда ең үлкен ми салмағына ие - құмырсқа. 30. Жер бетінде 70 пайыздан астам тірі тіршілікті бактериялар құрайды. 31. Піл - 4 тізесі бар жалғыз жануар. 32. Токиодағы зоопарк әр жылы 2 айға жабылып тұрады, сол уақытта жыртқыштар адамдардан аулақта демалуға мүмкіндік алады екен. 33. Құмырсқа жегіштер құмырсқамен емес, термиттермен қоректенгенді қалайды. 34. Керіктің босанған уақытында баласы бір жарым метр биіктіктен құлайды. 35. Түйе өркешіне қарамастан, омартқасы тіке біткен жануар. 36. Ұрғашы иттер төбеттеріне қарағанда көп тістейді. 37. Әр жылы жыланның уынан емес, араның шаққанынан жан тапсыратындар көп. 38. Акулаларда ракка қарсы иммунитет сақталған. 39. Гориллаларға да бала бітірмейтін дәрілер әсер етеді. 40. Теңіз жұлдызы өз қарнын теріс айналдыра алады. 41. Су ішпеуге көп шыдайтын жануар - егеуқұйрық. 42. Адамнан бөлек, алапеспен ауыратын жалғыз жануар – броненосц. 43. Су сиырлары (бегемот) су астында туылады. 44. Орангyтангтар ашуларын алдын ала ескертеді. 45. Көртышқан бір түнде ұзындығы 76 метрге жуық тyннель қазып шыға алады. 46. Ұлуларда шамамен 25 000 тіс бар. 47. Колибрлер жүре алмайды. 48. Жарғанат - ұша алатын жалғыз сүтқоректі. 49. Жер бетінде осы уақытқа дейін 99 пайыз тіршілік иесі жойылып отырған. 50. Балдың бір келісін жасауға, аралар 2 миллион гүлді аралап шығуы тиіс. 51. Соңғы 4000 жылда бірде-бір жануар қолға үйретілмеген. 52. Көбелектерде асқазан болмайды. 53. Шимпанзе - өзін айнадан тани алатын жалғыз жануар. 54. Піл мен адамдар - баспен тұра алатын жалғыз сүтқоректілер. 55. Қолтырауындар тереңге сүңгу үшін іштеріне тас жұтып алады. 56. Поляр аюлары 40 км/сағ. жылдамдықпен жүгіре алады. 57.  Иттерде де шынтақ бар. 58. "Роденаның ойға шомуы" – даңқты итальяндық Дантенің портреті. 59. Шекспир пен Сервантес бір күнде қаза тапқан - 1616 жылдың 23 сәуірінде. 60. Сара Бернар 13 жасар Джyльеттаны 70 жасында сомдаған. 61. Уолт Дисней бала кезінде бір жапалақтың әбден сілікпесін шығарып, содан бері жануарларды мyльтиктерде тірілтумен әуреленіп келеді екен. 62. Бетховен кезбелікке салынған күндері құрықталған болып отыр. 63. Эйнштейнмен бірге соңғы сөздері де өліп кеткен: басында отырған малайы немісшені түсінбейтін болып шығыпты. 64. Юлий Цезарь басындағы тазын жасыру үшін, үнемі лавр гүлтәжін киіп жүріпті. 65. Телефонды ойлап тапқан Александр Грэхем Белл бірде-бір рет шешесі мен әйеліне қоңырау шалмаған көрінеді: екеуі де естімейтін болыпты. 66. Леонардо да Винчидің ойлап тапқан оятқышы аяқты қытықтайды екен. 67. Наполеон мысықтардан қатты қорқыпты. 68. Адамның бүкіл ғұмырында мұрын ғана өсуін жалғастыра бермек. 69. Жиырма баладан бір бала ғана, дәрігер айтқан күні дүниеге келетін көрінеді. 70. Ежелгі гректер ұл бала қарынның оң жақ бөлігінде, қыз бала сол жақ бөлігінде жатады деп санаған. 71. Егер әйелдер Барби қуыршағының үйлесімдігіне (пропорциясына) ие болғанда, онда аяқтарының бастарымен-ақ жүре алар еді. 72. XV ғасырда қызыл түс адамды емдейді деп есептегендіктен, науқастар қызыл киім киіп, айналасын қызылмен қоршап жүрген. 73. Сіз қызарған уақытта, сізбен бірге асқазаныңыз да қызарады. 74. Адамның денесіндегі 80 пайыз жылулық бас арқылы шығады. 75. Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы әйелі Надежда Николаевна Чепковскаяны "Бәтима" деп атаған.  76. Ми 80 пайыз судан тұрады. 77. Бір адамның денесінде өмір сүріп жатқан ағзалар Жер бетіндегі адамдардың санынан көп.


11 мамыр 2019 ж. 676 0