Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Мәжіліс Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне Нұрлыбек Нәлібаевтың кандидатурасына келісім берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың кандидатурасы келісілді.
Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.
Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.
06 мамыр 2026 ж. 52 0