"Арал құрылысы" бастауыш партия ұйымы ашылды
Бүгін “Арал Құрылысы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жанынан бастауыш партия ұйымы ашылды. Салтанатты шараға Арал ауданына арнайы барған партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, сондай-ақ аудандық мәслихат және партияның аудандық филиалының төрағасы Базарбай Төрахметов, партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Талғат Қанатов, серіктестік ұжымы қатысты.Еңбек ұжымдары арасындағы партиялық жұмысты жандандыруға, азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған іс-шара барысында Жандос Базартай “Арал Құрылысы” ЖШС ұжымымен кездесіп, кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен, атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.
Кездесуде төраға партияның негізгі басым бағыттары мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы кеңінен баяндап, олардың қоғам үшін маңыздылығына тоқталды. Әсіресе, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын бастамалар мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстарды жеткізді. Сонымен қатар, жаңадан құрылған бастауыш партия ұйымының алдағы міндеттері айқындалып, оның қызметі ұжым мүшелерінің бірлігін нығайтуға, ортақ мақсатқа жұмылуына серпін беретіні айтылды.
Партия қатарын кеңейту, тұрғындармен кері байланысты күшейту, өзекті мәселелерді дер кезінде көтеріп, шешімін табуға ықпал ету бастауыш ұйым алдындағы негізгі бағыттардың бірі екенін атап өтті.
Салтанатты шара соңында еңбек ұжымының белсенді мүшелері марапатталып, олардың ел дамуына қосып жүрген үлесі жоғары бағаланды. Бұл – қарапайым еңбек адамдарына көрсетілген құрмет пен сенімнің белгісі.
#AMANAT











