Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар өкілдерімен кездесу өтті

Жастар өкілдерімен кездесу өтті

Партияның облыстық филиалының төрағасы Базартай Жандос Нұртайұлы, аудандық мәслихаттың және партия филиалының төрағасы Төрахметов Базарбай Шөменұлы және партия филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы партияның аудандық филиалына қарасты «Жастар» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді. Онда жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру, әлеуметтік бастамаларға қатысуын кеңейту және ортақ жобаларды жүйелі жүзеге асыру мәселелері қаралды.
Бастауыш партия ұйымының төрағасы Берік Сұлтаниязов атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ұйым мүшелері «Жастар Рухы» жастар қанатымен бірлесіп түрлі бағыттағы іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келе жатқанын баяндады. Атап айтқанда, қоғамдық бастамалар, патриоттық және танымдық шаралар, еріктілік жұмыстары және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану жобалары жүзеге асырылып келеді.
Кездесу барысында жастар өз ұсыныстарын білдіріп, өңірдегі бастамаларды дамытуға қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Жандос Нұртайұлы жастардың қоғамдағы рөлі ерекше екенін атап өтіп, әрбір жас азаматтың белсенділік танытып, ортақ жобаларға үлес қосуы маңызды екенін жеткізді. Сонымен қатар бастауыш ұйымның жұмысына оң баға беріп, алдағы уақытта да жүйелі бастамаларды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Жиын қорытындысында жастардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы, олардың жаңа идеялары мен бастамаларын қолдау бағытындағы жұмыстардың алдағы кезеңде де жалғасатыны атап өтілді.
#AMANAT
06 ақпан 2026 ж. 61 0