Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Арал ауданында болды

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Арал ауданында болды

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартайдың жұмыс сапары Арал ауданында жалғасты. Сапар аясында партия төрағасы аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевпен кездесті.

Сонымен қатар кездесуге, аудандық мәслихаттың және аудандық партия филиалының төрағасы Төрахметов Базарбай Шөменұлы, партия филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы қатысты.

Кездесу барысында ауданда партияның жобалары мен сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы, сондай-ақ Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің жергілікті деңгейде іске асырылу мәселелері талқыланды.
Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы өз сөзінде ауданда әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, инфрақұрылымды жақсарту, жол жөндеу, ауыз су, газдандыру, білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы оң өзгерістер туралы айтты.

Сонымен қатар партиялық жобалардың аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруда маңызды рөл атқарып отырғанын атап өтті.

Өз кезегінде Жандос Нұртайұлы алдағы уақытта да партия тарапынан аудан халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бірлескен жобалар жүзеге аса беретінін жеткізіп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.
#AMANAT
06 ақпан 2026 ж. 78 0