Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Конституцияның күшіне енуіне 26 күн қалды

Жаңа Конституцияның күшіне енуіне 26 күн қалды

Биылғы 15 наурызда референдум өтіп, жаңа Конституция қабылданды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгін Мемлекет басшысы 15 наурызда қабылданған Конституцияның ережелерін жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» заңға, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» заңға және «Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» заңға қол қойды.

Конституцияның 1-бабында адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы екені белгіленген. Бұл мемлекет қызметінің басты мақсаты – адамды қорғау, оның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту дегенді білдіреді. Мемлекеттік шешімдердің барлығы ең алдымен азаматтардың мүддесі мен игілігін ескере отырып қабылдануға тиіс. Яғни, бүкіл мемлекеттік жүйенің өзегінде адам және оның әл-ауқаты тұр.
turkystan.kz
05 маусым 2026 ж. 32 0