Арал ауданында көз денсаулығы бойынша медициналық қызмет көрсету жетілдірілуде
Арал ауданында халыққа қолжетімді медициналық қызмет түрлерін дамыту бағытында жеке кәсіпкерлік бастамалар жүзеге асырылуда. Соның бірі-көз ауруларын анықтау және емдеу қызметін көрсететін дәрігерлік кабинет.Кәсіпкер «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржылық ұйымы» ЖШС арқылы қаржылай қолдау алып, көз дәрігерлік кабинетін ашу мақсатында өз кәсібін іске қосқан. Бүгінде медициналық нысан аудан тұрғындарына тұрақты түрде қызмет көрсетуде.
Кабинет заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда тұрғындарға көз ауруларын ерте анықтау, диагностикалық тексерулер жүргізу, кеңес беру және бастапқы емдік шаралар көрсету қызметтері ұсынылады.
Жобаның іске асуы аудан тұрғындары үшін сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырып, бұрынғыдай өзге өңірлерге бару қажеттілігін айтарлықтай азайтты. Бұл өз кезегінде уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр.
Кәсіпкер алдағы уақытта медициналық қызмет аясын кеңейтіп, орталықты жаңа буындағы заманауи диагностикалық және емдік құрылғылармен толықтыруды жоспарлап отыр. Бұл бастама аудан деңгейінде офтальмологиялық қызмет сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде бағалануда.









