Қорқыт ата университетінің өкілдері халықаралық тәжірибе алмасты
Kyzylorda-news.kz «Бір белдеу – бір жол» бастамасына қатысушы елдердің Қытай мәселелерін зерттеу жөніндегі сарапшыларын даярлауға арналған халықаралық бағдарлама аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Экономика және құқық институтының директоры Айнұр Исаева мен аға оқытушы Гүлзат Өтегенова бірқатар ғылыми-білім беру іс-шараларына қатысты.Бағдарлама Қазақстан, Қытай, Палестина, Камбоджа, Лаос, Малайзия, Таиланд, Түркия, Бенин және Нигериядан келген қатысушылардың басын қосып, тәжірибе алмасуға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар қатысушылар «Қытайдың кедейлікті жою тәжірибесі және одан алынған сабақтар» тақырыбындағы дәрісті тыңдап, кедейлікті азайту, ауылдық аумақтарды дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, өңірлік теңгерімді қамтамасыз ету және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қолдау бағытындағы Қытайдың тәжірибесімен танысты. Сондай-ақ бұл саладағы жетістіктері мен халықаралық деңгейде мойындалған тәжірибесі кеңінен талқыланды.
Бағдарлама аясында қатысушылар ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Ұлы Қытай қорғанына барып, тарихи-мәдени ескерткіштің тарихы мен мәдени мұрасымен танысты.











