Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Арал аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Бүгін Арал аудандық Руханият үйінің мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырыс болып өтті. Отырыста "Қаратерең ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметі туралы және Арал аудандық полиция қызметінің қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыстары туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті ақпарат ұсынылып, шешім жобалары жан-жақты талқыланды.
Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.
"Толқын" ақпарат
23 шілде 2026 ж. 52 0