Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«Руханият» орталығының мәжіліс залында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Аудандық Қоғамдық кеңестің Төрағасы А.Жоланов төрағалық еткен отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, Аманөткел ауылдық округінің әкімі, Райым ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Арал аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.Рашев, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері қатысты.Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде «Райым ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, «Аманөткел ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы және «Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджеттің орындалуы туралы» мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Райым ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы бойынша Райым ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы Қ.Нұрпейісов хабарлама жасап, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді. Баяндама соңында қоғамдық кеңес мүшелері қойған сұрақтарға жауап берілді.
Екінші мәселе «Аманөткел ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы бойынша хабарламаны Аманөткел ауылдық округінің әкімі Қ.Әбдіраманов жасады және кеңесте мекеме тарапынан жасалған жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта жүйелі түрде жалғастыру, ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін ұдайы назарда ұстау туралы шешім қабылдады.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша «Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджеттің орындалуы туралы» экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.Рашев хабарлама жасады. Ол 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айының қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішіне тоқталып өтті. Хабарлама бойынша қоғамдық кеңес мүшелері сұрақтарын қойып, талқылады.
Жиын қорытындысында алдағы уақытта барлық жұмыстың жоспарға сай орындалуын қадағалау тиісті өкілдерге жүктелді.

"Толқын" ақпарат
22 қараша 2025 ж. 21 0