Қоғамдық кеңесте қос мәселе көтерілді
Арал аудандық Руханият үйінің мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырыс болып өтті. Аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері, Қаратерең ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы, Арал аудандық полиция бөлімінің басшысы, бұқаралық ақпарат құралының өкілдерінің қатысуымен өткен жиында "Қаратерең ауылдық округі әкімі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметі туралы және Арал аудандық полиция қызметінің қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыстары туралы мәселелер қаралды.Алғашқы мәселе бойынша Қаратерең ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Н.Тағыбергеновтың хабарламасы тыңдалып, Қаратерең ауылдық округі бойынша жер телмінінің берілу кезектілігін сақтап, қызметтердің сапалы орындалу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру, мал және балық шаруашылығын дамыту, шағын кәсіпкерлерге қолдау білдіру, жұмыссыздық мәселесін шешу, мемлекеттік көрсетелетін қызметтерді қатаң сақтау бойынша ұсыныстар айтылса, келесі сауал бойынша Арал аудандық полиция бөлімінің басшысы Б.Құдайберген хабарлама жасап, жиынға қатысушылар тарапынан Әбілхайыр хан мен М.Мақатаев көшелерінің қиылысына жаяу жүргіншілер жолағын сызып, белгі қою, Әбілхайыр хан көшесінің орталық бөлігіне жаяу жүргіншілер жолына автокөлік қоюға тыйым салдыру, соған байланысты жол белгілерін орналастыру, Шанхай мөлтек ауданындағы Нұржаубев және Уалиханов көшелерінің қиылысына жаяу жүргіншілер жолағын сызып, жол белгісін қою, кешкі уақыттарда дүкендердегі ішімдік сатылу уақытын қадағалау, жасөспірімдер арасындағы профилактикалық шараларды күшейту, масаң күйде көлік басқару мен жол ережелерін бұзу бойынша орын алған құқық бұзушылықтар мен мал ұрылығының алдын алу, қала ішіндегі жол бойындағы бейне камералардың санын арттыру төңірігенде ұсыныстар айтылды.
О. ЖЕКСЕМБАЙҰЛЫ









