Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралды

Өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, күн тәртібінде өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралды. Саланың ағымдағы көрсеткіштері талданып, жоспарланған инвестициялық жобалар пысықталды.

Облыс әкімі жауапты сала басшыларына инвестициялық жобалардың орындалуын тұрақты бақылауды, құрылыс-монтаж жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес жүргізуді, өндірістік нысандарды жыл соңына дейін толық іске қосуды тапсырды.

Сонымен қатар, өндіріс көлемін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту және өңдеу өнеркәсібінің әлеуетін арттыру бағытындағы жұмысты жандандыру міндеттелді. Туындаған мәселелерді жедел шешіп, белгіленген көрсеткіштерді орындау керек.

Өткен жартыжылдықтың қорытындысымен облыстың өңдеу өнеркәсібінде 214,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 13,8% артты. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсімге негізгі салалардағы өндіріс көлемінің ұлғаюы ықпал етті. Атап айтқанда, тамақ өнеркәсібінде 11,3%, кокс және мұнай өнімдерін өндіруде 18,6%, металлургия өнеркәсібінде 6%, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 24,8%, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндірісінде 51,4%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату саласында 9,9% өсті.

Өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін 42,8 млрд теңгеге 12 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Жобалар толық жүзеге асқанда 380 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазір 4 жоба пайдалануға берілді. Олар – «КОМ Хоз Жаңақорған», «Марал Нұр», «Абдулла» шаруа қожалығы және «КЗ Сапа бетон» серіктестіктері. Қалған жобалардың құрылыс-монтаж және іске қосу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

27 шілде 2026 ж. 44 0